Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мемлекеттік мерекемен құттықтады
Жаңалықтар
138
Сурет : Ақорда
Мемлекет басшысы Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
– Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Пікірлер (0)