«Қауқарсыз болса...»: Украина депутаты Зеленскийден отставкаға кетуді талап етті

Жаңалықтар
view 18
news

Фото: Toby Melville/Reuters

Украина Жоғарғы радасының депутаты Алексей Гончаренко президент Владимир Зеленскийге қызметінен кетуді ұсынды. Оның айтуынша, қазір Киевтің басты міндеті — сайлау емес, келіссөз үстеліне оралу, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

РИА Новости таратқан мәліметке қарағанда, Гончаренко бұл пікірін өзінің Telegram-арнасында жазған. Депутаттың айтуынша, егер Зеленский елді бейбітшілікке жеткізе алмаса, онда президенттік сайлауды талқылаудың да қажеті жоқ. 

Егер Зеленский елді бейбітшілікке жеткізуге қауқарсыз болса, онда сайлаудың да керегі жоқ. Отставкаға кетсе, сол жеткілікті. Конституцияда бәрі көрсетілген, — деп мәлімдеді ол өз жазбасында. 

ТАСС келтірген тағы бір сөзінде Гончаренко Зеленскийдің қазіргі жағдайды түсінбей отырғанын айтады:

Владимир Александрович қазір немен айналысу керегін, сайлау туралы қашан ойлану керегін түсінбей отырған сияқты. Жарайды, бағыттайын: екі сөзден тұратын тіркес бар — алғашқысы «бейбітшілік», соңғысы «келіссөздер». Сайлау жайын кейін де талқылаймыз, — деді депутат. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *