«Қазафильмнің» түгі қалған жоқ – Қожа рөліндегі актер елдегі киноөндірісті сынға алды (видео)

Жаңалықтар
view 871
news

Коллаж: jambylinfo.kz

Аңызға айналған «Менің атым Қожа» фильміндегі  Қожа рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев қазіргі заманауи қазақ киносына наразылығын білдірді. Ол киноның ақшасын ұстайтын продюсерлер көп болғанымен, сценарий жазып, түсіретін режиссерлер жоқ деді. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды  ztb_kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Нұрлан  Сегізбаев қазіргі қазақ киноиндустриясына қатысты пікірімен бөлісті. Актердың айтуынша жекеменшік киностудиялар «Қазақфильмнің» бюджетін құртып, біткен.

«Қазақ киносында «перестройка» енді басталып жатыр. Жекеменшік киностудиялар «біз де кино түсіреміз» деп, президентке арыз жазып, киностудияның бюджетін тартып алды ғой. Киноны қолдау орталығы ашылып, ақшаны бөліп жатыр. Білесіздер ғой, сценарий жазатын адам аз, кино түсіретін режиссер де аз. Бірақ, ақшаны жұмсайтын адам – продюсер көп. Сол ақшаға жабысып, төбелесіп, туысқандарын қосып, бюджетті құртты. Қазір «Қазақфильмнен» түк қалған жоқ», - деді актер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *