Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана әкімшісі жұмысынан қуылды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 233
news

Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда қоғамдық тамақтану орнында болған жағдайға байланысты ішкі тексеру жұмыстарының аяқталғанын мәлім етті. Нәтижесінде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан мейрамхана әкімшісі жұмысынан шығарылған, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мейрамхана мәлімдемесі

Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда мейрамханамызда орын алған жағдайға байланысты ішкі тексеру жұмыстарын аяқтады. Тексеру нәтижесі бойынша сервис стандарттары мен корпоративтік коммуникация талаптарына сәйкес мейрамхана әкімшісінің қызметін тоқтату туралы басқарушылық шешім қабылданды.

Gusto мейрамханасы қонақтармен әрдайым сыйластық пен әдепті қарым-қатынас қағидаттарын ұстанады. Қандай жағдай болмасын, дөрекі немесе орынсыз сөйлеу тәсіліне жол берілмейді және бұл біздің сервис стандарттарымызға қайшы келеді. Осыған байланысты біз ішкі регламенттерді күшейтіп, қызметкерлермен қосымша жұмыс жүргізуді қолға алдық.

Gusto мейрамханасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін құрметтейді және қонақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. Орын алған жағдайдың қоғамда теріс пікір тудырғанына өкініш білдіреміз және көрсеткен түсіністік пен кері байланыс үшін қонақтарымызға алғыс айтамыз, – делінген мейрамхана таратқан мәлімдемеде.

Даудың басы...

Бұған дейін Бақытжанов есімді Threads қолданушысы желіге Gusto мейрамханасының әкімшілігімен болған қазақ тілі жөніндегі дауға қатысты видео жариялаған болатын.

Бұл жерде ешкімнің қазақ тілінде сөйлемеуі проблема ма не?» Осы сөзді мен Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасының әкімшілігінен естідім. Әкімшісінің есімі — Елена. Мен өте сабырлы түрде бір ғана сұрақ қойдым: мейрамханада қазақ тілінде сөйлейтін даяшы бар ма деп. Жауап ретінде — боқтық, қорлау жәнеде кейін артынан мынадай да сөздер айтылды: — «Мен КСРО-да туғанмын және қазақ тілінде сөйлеп, қызмет етуге міндетті емеспін. Маған қазақ тілі керек емес, – деп жазды видео авторы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *