Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарын 84 медальмен аяқтады!
Фото: Ресми дереккөзден
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен XX жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз:
🥇 12 алтын
🥈 24 күміс
🥉 48 қола медаль жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 8-орынға тұрақтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Азиада-2026 тарихи жетістіктерге де толы болды. Алексей Луценко Азия ойындарындағы алтын медаль санын 6-ға жеткізіп, Қазақстан тарихындағы ең көп алтын алған спортшы атанды. Ал семсерлесуден ерлер құрамасы 24 жылдан кейін командалық жарыста чемпион атанды.
Сонымен қатар Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден, таеквондодан және бірқатар спорт түрлерінен ел тарихындағы алғашқы медальдарға қол жеткізді. Ауыр атлет Алексей Чуркин жұлқа көтеруде әлемдік рекордты жаңартты. Спортшыларымыздың әрбір жеңісі – ел спортының жаңа белесі!
84 медаль – Қазақстан қоржынына түскен үлкен жетістік!
Пікірлер (0)