Қазақстанда автобус жүргузушілеріне қойылатын талаптар жеңілдетілді

Жаңалықтар
view 164
news

Сурет: ғаламтордан

Сенат депутаттары пленарлық отырыста қоғамдық көлік жүргізушілеріне қойылатын талаптарды жеңілдету туралы заңды талқылап, екі оқылымда-ақ мақұлдады,- дер хабарлайды Janabastau.kz.

Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды талқыға салды. 

Халық қалаулысы Сұлтан Дүйсембинов аталмыш заң парламент депутаттарының бастамасымен қабылданғанын және елімізде экологиялық таза көлікті кеңінен насихаттауға және электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға бағытталғанын атап өтті. 

Оның айтуынша, заңдағы жер кодексіне электрмен жүретін көліктер үшін жалпыға ортақ жер телімдерін беру және электрмен зарядтау станцияларын, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру мәселелері бойынша түзетулер енгізіледі.

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" заңында жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiн электрмен зарядтау станцияларын орналастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау өкiлеттiгiмен толықтырылады. "Электр энергетикасы туралы" заңда "электрмен зарядтау станциясы" деген жаңа ұғым енгізілді. Электр қуатын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрмен зарядтау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптар белгіленді", – дейді Сұлтан Дүйсембинов.

“Жол қозғалысы туралы заңда” "электромобиль" ұғымы енгізілді.

"Тб" және "Д" санатындағы жүргізушілерге сұраныс арту үшін көлік құралдарын басқаруға 23 жастан бастап рұқсат берілмек. Жүргізушінің жұмыс өтілі де үш жылға, "D1" санатшасына, кемінде бір жылға дейін қысқартылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *