Қазақстанда кімнің несиесі есептен шығарылады ?: Қаржы нарығын реттеу агенттігі жауап берді

Жаңалықтар
view 326
news

Сурет: ғаламтордан

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов ақпан айында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы заң күшіне енгенін еске салды. Қазір бұл құқықты 385 мың қазақстандық пайдаланған,-деп хабарлайды Janabastau.kz.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

Олжас Қизатов банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктерден 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемеген 1,5 млн-ға жуық қарыз алушы бар екенін айтты.

 "Банктер балансында 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемегендер саны – 980 мың адам, микроқаржы ұйымдарының балансында – 332 мың адам. Яғни банктермен салыстыратын болсақ, Микроқаржы ұйымдарында қарыз алушылардың саны айтарлықтай аз", - деді агенттік төрағасының орынбасары.


Оның сөзінше, 1,5 млн қарыз алушы үшін осы қаржы ұйымдарымен: банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен мақсатты жұмыс жүргізу.

 "Банктер мен микроқаржы ұйымдарымен бірге қаржылық жағдайы жоқ қарыз алушылар, яғни бұл көп балалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік осал топтары санатына жататын жеке тұлғалар бойынша жұмыс жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие берушілер негізінен осы қарызды есептен шығаруға және кешіруге бағытталған шараларды жүзеге асырып жатырмыз", - деді Қизатов.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары 2024 жылғы сәуір айындағы мәлімет бойынша қазақстандықтардың мерзімі өткен несиелік қарыз сомасы 1,6 трлн теңге болғанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *