Қазақстанда өтімді Cobalt көлігінен өзбектер неге бас тартып жатыр?
Жаңалықтар
128
Фотосурет: stat.uz
Өзбекстанда автосалон тұтынушыларының басым бөлігі келісімшарт үшін төлем жасаудан бас тартқан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Қараша айында онлайн рәсімделген 100 мың келісімшарттың тек 20 833-і ғана төленген. Яғни шамамен 80% сатып алушы төлем жүргізбегендіктен, олардың келісімшарттары автоматты түрде жарамсыз болып қалды.
Осы жағдайдан кейін компания сатып алу тәртібіне өзгеріс енгізді. Енді Cobalt моделін дилерлік орталықтардан тікелей алуға мүмкіндік бар. Кезек те, артық әбігер де жоқ, келісімшарт үшін жарыспай-ақ сатып алуға болады.
Бос тұрған барлық көлік автосалондарға жеткізілген.
Пікірлер (0)