Жұмағұлов Рахмоновқа титулдық жекпе-жектің қаупін ескертті

Жаңалықтар
view 86
news

Фотосурет: fighttime.ru

Еуропалық Oktagon ұйымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов отандасы Шавкат Рахмоновқа Ислам Махачевпен титулдық айқасқа дейін бір жекпе-жек өткізуге кеңес берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Шавкат Рахмоновтың ұзақ үзілістен кейін бірден UFC чемпионы Ислам Махачевпен кездесуі – үлкен тәуекел.

Шавкат  Ислам үшін өте қауіпті қарсылас, бірақ ол біраз уақыттан бері өнер көрсетпеді. Жарақаттары болды, ұзақ үзіліс те әсер етеді. Сондықтан мен өз жерлесіме алдымен бір жекпе-жек өткізіп, бабын қайта тапсын дер едім. Сосын ғана титул үшін шығу керек. Өзін қайта еске салатын уақыт келді, – деді Жалғас Жұмағұлов.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың соңында өнер көрсеткен. Ол жарақатынан кейін ұзақ оңалту кезеңінен өтті. Қазір қазақстандық файтер UFC рейтингінде 3-орында тұр және титулдық жекпе-жекке ең жақын үміткерлердің бірі саналады.

Ал Ислам Махачев жақында UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *