Қазақстанда сотталғандарды ұстау шарттары рақымшылық есебінен жақсартылады

Жаңалықтар
view 22
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев «ҚР жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

«Заң жобасының негізгі ережелері, оның мақсаттары туралы Абзал Темірғалиұлының баяндамасында толықтай айтылып кетті. Атап өткендей, заң жобаларының мақсаты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты әкімшілік рақымшылық жасау шеңберінде халықтың борыштық жүктемесін азайту. Сонымен қатар, Әкімшілік рақымшылық қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде уәкілетті орган (лауазымды тұлға) салған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату тәртібін регламенттейтін нормалар көзделетінін атап өткім келеді.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайда атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негіздері көзделеді. Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбестен мүліктен және банктік шоттардан шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді. Рақымшылық актісі негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, азаматтар атқарушылық санкцияларды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қосымша шығыстардан босатылатынын қосымша атап өткен жөн. Осылайша, бұл нормалар процедураны жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар халыққа қаржылық жүктемені азайтады.

Сонымен қатар, заң жобаларын қабылдау:

- рақымшылыққа жатпайтын адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту;

- материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларды жетілдіру;

- босатылатын бюджет қаражатын қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға және жазаларды орындаудың халықаралық стандарттарын енгізу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сондай-ақ депутат рақымшылық тек құқықтық механизм ғана емес, сонымен қатар маңызды профилактикалық құрал екенін, ол құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Рақымшылық — бұл мемлекеттің әлсіздігінің көрінісі емес, заңның жазалауы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік әділеттілікті сақтау, ескерту және қалпына келтіру қабілетіне сенімді мемлекет күшінің көрінісі. Бүгін қаралатын заң жобалары Конституциялық реформалар рухына, әділ Қазақстанды құру міндеттеріне және азаматтарымыздың мүдделеріне сәйкес келеді. Жұмыс тобы шеңберінде заң жобасын талқылау кезде депутаттар мен заңнама бөлімінің ұсыныстары қаралды. Мәжілістің барлық тұрақты комитеттері заң жобалары бойынша оң қорытындыларын берді. Баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынамыз», - деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *