Қазақстанда сөз бостандығы қандай дәрежеде?
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде Африка елдерінен төмен.
«Шекарасыз репортерлар» халықаралық үкіметтік емес ұйымы жыл сайын шығаратын сөз бостандығы рейтингінде ел сегіз позицияны жоғалтты. Егер 2023 жылы республика бұл тізімдегі 180 елдің ішінде 134-ші орынды иеленсе, 2024 жылы ол 142-ші орынға түсті, деп хабарлайды janabastau.kz.
Жаңартылған сөз бостандығы рейтингінде Қазақстан Эфиопия мен Ливия арасында орналасқан – Руанда, Сомали және Гондурас сияқты мемлекеттерден сәл жоғары. Сөз бостандығы жағынан еліміз Африканың бірқатар елдерінен, соның ішінде Оңтүстік Судан, Камерун және Угандадан да төмен.
«Шекарасыз репортерлар» қазақстандық интернет басылымдардағы жаңалықтар сапасының артып келе жатқанын көрсетеді. Алайда билік тәуелсіз БАҚ сақталған жалғыз кеңістік – интернетке бақылауды күшейтіп жатыр.
Пікірлер (0)