Қазақстанда Таза Қазақстан акциясы аясында Эко-әдеттер апталығы басталды
Фотосурет: дереккөз
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде еліміздің барлық өңірінде «Эко-әдеттер» апталығы ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Апталықтың басты мақсаты – халық, әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және күнделікті өмірде экологиялық таза әдеттерді насихаттау.
Апталық барысында қоқысты сұрыптау, қоршаған ортаны таза ұстау, су мен электр энергиясын үнемдеу, табиғатты қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, экологиялық акциялар, аумақтарды абаттандыру жұмыстары, танымдық кездесулер мен ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Эко-әдеттер» апталығы қатысушыларға экологияны қорғау – бір реттік іс емес, тұрақты дағдылар мен саналы таңдау екенін түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыруға, таза әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға үлес қосады.
«Таза Қазақстан» әрқайсымыздан басталады. Апталықтың эко-кеңестері:
1.Эко-су – су үнемдеу. Орташа бір адам күніне 150–200 литр су пайдаланады. Су үнемдеуге шақырамыз және видеоларды #экосу хэштегімен бөлісуді ұсынамыз.
2. Эко-энергия – энергияны үнемдеу. Жарықты тек қажет кезде қосу және электр құрылғыларын өшіру 10–20% энергия үнемдеуге көмектеседі. Видеоларды #экоэнергия хэштегімен бөлісіңіз.
3.Қоқыс және қайта өңдеу. Қазақстанда жыл сайын 7–8 млн тонна қалдық жиналады, бірақ оның тек 10–15%-ы қайта өңделеді. Быттық қалдықтарды сұрыптауды және қайта өңдеуге жарамды материалдарды жинауды әдетке айналдырыңыз.
4.Гүлдер мен өсімдіктер. Бір өсімдік бөлмедегі зиянды газдарды 50–90% төмендетеді. Үй өсімдіктеріне күтім жасау тәсілдерін #меніңжекебағым хэштегімен бөлісіңіз.
«Эко-әдеттер» апталығы көрсеткендей, қоршаған ортаға қамқорлық әрқайсымыздан басталады, ал күнделікті жасалатын кішкентай қадамдар Қазақстанды таза және қауіпсіз етеді.
#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge
Пікірлер (0)