Қазақстандық актриса қамауға алынды
Сурет: Ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан қазақстандық блогер, әнші, актриса Фарема Қазақпаева жауапқа тартылды, деп хабарлады janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).
Сот YouTube видео хостингінде Қ.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде таралған.
Сот отырысында Қ., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
Сот қаулысымен Қ. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер (0)