Қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік он спортшысының қатарына енді.

Жаңалықтар
view 25
news

Фотр

Қазақстандық спортшы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 10-орынға көтерілді, деп JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде ол 2748 ұпай жинап, бірден алты сатыға жоғарылады.

Спортшы мұндай нәтижеге Загреб қаласында өткен Гран-при турниріндегі жарқын өнерінің арқасында қол жеткізді. Ол жарыста алтын медаль жеңіп алды. Финалдық белдесуде бразилиялық Рональд Лиманы иппон әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *