Қазақстандық хакер шетелдіктердің банк шоттарынан қыруар ақша ұрлаған
Фото: Freepik
Қазақстан азаматы шетелдіктердің банк шоттарынан жүздеген мың еуро тонаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен және Германияның Федералды қылмыстық полициясымен бірлесіп, киберқылмыспен күреске бағытталған арнайы операция жүргізді.
Оның нәтижесінде Алматы облысында қазақстандық азамат ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол компьютерлік технологияларды пайдаланып басқа адамның банк шоттарына және жеке деректеріне заңсыз қол жеткізген.
Алдын ала есеп бойынша, күдікті бірнеше жүз мың еуроны ұрлаған.
Тінту барысында деректерді сақтайтын электронды құрылғылар және өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрі қарай жалғасып жатыр.
Пікірлер (0)