Иран мұрағаттарында қазақтың жаужүрек халық екені туралы жазбалар сақталған — Президент

Жаңалықтар
view 173
news

Фото: Ақорда

Иран мұрағаттарында Қазақ хандығы және қазақтың жаужүрек халық екені туралы жазбалар сақталған. Бұл туралы Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианмен келіссөздер қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Иранның архивінен қазақ тарихына қатысты құнды деректер табылды

Қазақстан мен Иранның қандай келісім жасағаны белгілі болды

Тоқаев Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың болашағы өте зор екенін айтты

Иран халықаралық беделі зор мемлекет әрі біздің Орта шығыстағы сенімді серіктесіміз. Бауырлас қос халықтың тарихы тамырлас, салт-дәстүрі және мәдениеті ұқсас. Қолымда бірқатар тарихи деректер бар екен. Мысалы, Ұлы жібек жолы қазіргі Қазақстан мен Иран даласы арқылы өткен. Ұлы жібек технологияның, діннің таралуына, сондай-ақ мәдени-рухани қатынастың тереңдеуіне ықпал етті, — деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақ ханы Керей Сефеви шахы Исмаилмен бірінші дипломатиялық қатынас орнатқанын айтты.

Иран мұрағаттарында Қазақ хандығы және қазақтың жаужүрек халық екені туралы жазбалар сақталған. Тәуке хан мен шах Сұлтан Хусейн арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Екі ел өкілдері Мәскеуде кездесіп, Иран елшісі Қазақ даласына сапармен келді деген тарихи мәліметтер бар екен. Әбілхайыр хан Нәдір шахқа елші жіберіп, байланысты дамытуға ниет білдірген. Түркістандағы Әзірет сұлтан кесенесіндегі тайқазан иран шебері Әбдел Азиз Шараф ад-Дин Термездің шеберханасында жасалған, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *