Қазақстандық жігіт әйелінің тегін алды

Жаңалықтар
view 4015
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанның заңнамасына сәйкес ерлі-зайыпты некеге тұрғанда бір-бірінің тегін ала алады. Әрине, мұндай тәжірибе елімізде сирек кездеседі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 Осы орайда қазақстандық ерлі-зайыптылар бір-бірінің тегін алғаны туралы TikTok әлеуметтік желісінде хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әділет пен Аружан 2022 жылы үйленіп, некелерін қос фамилиямен тіркеген. Әділеттің айтуынша, бастапқыда Азаматтық хал актілерінің жазбалары кеңсесі (АХАЖ) қос текті тіркеу мүмкін емес екенін айтқан.

Жас отбасыдан неге мұндай шешімге келгенін сұрап білді.

"Біз ешкімді ренжітпес үшін осындай ортақ шешімге келдік. Оған екі нәрсе себеп болды. Біріншіден, "әйел тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің тегіне көшуі керек" дейтін дәстүр біз үшін тым ескірген әрі қажетсіз болып көрінді. Әрине, бұл -тек біздің пікіріміз. Мен адамдардың таңдауын құрметтеймін. Шынайы еркіндік дегеніміз – адамдардың өзіне ыңғайлыcын әрі қалағанын жасай алуы. Себебі әйел өмір бойы өз аты мен тегі үшін жұмыс істейді. Олар тұрмысқа шыққаннан кейін дипломы мен біліктілігін растайтын құжаттарын, жарияланымдарын өзгертіп жүруге міндетті емес. Сол себепті қос тек алу туралы ортақ шешімге келдік", – деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *