Қазақстанның экономикалық әлеуетіне қандай қауіптер төніп тұр?

Қауіпсіздік және қорғаныс
view 29
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Былтырғы жылдың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі шамамен 296 млрд АҚШ доллары көлемінде. Бұл одан арғы жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға артық. Сондай-ақ болжам бойынша 2025 жылы 5,6 пайызға өседі деп күтілуде. Экономикалық секторлар бойынша жіктейтін болсақ, оның ішінде қызмет көрсету саласына 56 пайыз, өнеркәсіпке 33 пайыз, ауыл шаруашылығына 5 пайыз тиесілі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жоғарыдағы есептен ел экономикасының дамуы негізігінен қызмет көрсету саласына (56 пайыз), содан кейін өнеркәсіпке (33 пайыз) сүйенетінін байқаймыз. Қалған 11 пайыз басқа салалардың үлесінде. Мұнан ел экономикасының әлі де болса табиғи ресурстарға тәуелді екенін көреміз. Атап айтқанда: отын-энергетикалық, өндіруші, химия және металлургия және өнімдері, ауыл шаруашылық саласы бойынша астық индустриясының өнімдері. Қазақстанның сыртқы сауда әріптестері негізінен Еуропа мен Орталық Азия елдері, Қытай және Ресей Педерасиасы.

Сондай-ақ елімізде Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Кавказ, Батыс Қытай мен Моңғолия елдерінің экономикасын байланыстыратын «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жұмыс істейді. Орталық халықаралық қаржы қызметтері орталығын қалыптастыру мақсатында құрылған. АХҚО-ға халықаралық капиталмен ықпалдасу, инновациялық жобалар мен электрондық сауданы күшейту, елге инвестиция тарту, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру, банк және сақтандыру қызметтерін жүргізу және қаржылық технологияларды дамыту міндеттері кіреді. Орталықтың құқықтық режимі Англия мен Уэльс құқығының заңдылық нормаларына және әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына сүйенеді.

Одан бөлек, еліміз географиялық орналасуы жағынан Батыс пен Шығысты жалғастыратын Еуразия құрлығының кіндігінде тұр. Тоғыз жолдың торабы Қазақстанда түйіседі. Мұндай жағдай халықаралық заңды сауда-саттық қатынасынан бөлек заңсыз бизнеспен айналысатын топтардың да көз құртына айналғаны белгілі. Яғни қылмыстық сипаттағы трансшекаралық қаржы жылыстату мен терроризмді қаржыландыру қаупі үлкен. Бұл республикамыздың әлеуетті дамуына, ішкі-сыртқы саясаттағы беделіне кері әсер етеді. Сол себепті қаржылық бақылау мен құзырлы құрылымдардың негізгі қызметтерінің бірі – осы көлеңкелі бизнестің жолын

Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *