«Қазақтың салтын бұздыңдар-ау»: 3 баласымен жас жігітке ұзатылған блогер желіні шулатты (ВИДЕО)
Фото: коллаж Sn.kz
Желіде маңғыстаулық блогер Несібелі Ахметқызы өзінен 5 жас кіші жігітке ұзатылды. Ол тойдың видеосын әлеуметтік желіге жария етті, деп хабарлайды janabastau.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгін жүрегімізді толқытқан ерекше күн болды — сырға салу! Бұл біздің өміріміздегі маңызды қадам. Алда жарқын болашақ, үлкен қуаныш, той! Қуанышымызды бөліскен барлық жандарға рахмет! Бүгін біздің шаңырақта үлкен қуаныш!
Қазақы дәстүрімізбен сырға салынып, Бұл күн – жаңа өмірдің бастауы, бақыт пен берекенің бастауы болсын!
Сырға салу – тек әдемі дәстүр емес, ол екі жақтың туыстық байланысын, сыйластықты, махаббат пен сенімді білдіреді», деп жазды ол.
Бірақ желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі бірінші күйеуінен махаббат көрмеген соң, екінші бақытын табуы заңдылық екенін айтса, кейбірі қазақтың салтын бұзып болды деп пікір білдірді.
Пікірлер (0)