Журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
Фотосурет ашық дереккөзден
Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Белгілі журналист, қаламы жүйрік қаламгер Айгүл Аханбайқызы дүниеден озды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Марқұм 1972 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында туған. 1990–1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып бастап, кейін «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Ол қаламгерлік өмірінде оқырманға өткір мақалалары мен азаматтық үнге толы публицистикасын қалдырды. Сондай-ақ «Оқырман күткен әңгіме» атты кітаптың авторы.
Қазақ баспасөзі оның кәсіби шеберлігін, биік адамгершілігін ұмытпайды.
Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Пікірлер (0)