Қажылық бизнесі: Шымкентте жұмаққа 50 млн теңгенің билеті сатылды

Жаңалықтар
view 230
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш, діншіл Ғалымжан Құрманбек жүргізген іс-шарада құны миллионнан бастап 50 миллионға дейін тұратын талондар сатылды, деп хабарлайды janabastau.kz  Qazaq.today -ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Ғалымжан Құрманбектің миллиондаған теңгегенің талондарын саудалап жатқанын байқауға болады.

Оның «Жәннатқа асығайық! Жәннатқа таласыңдар! Алла разы болсын!» деп шарада құны миллионнан басталатын талондарды көпшілікке ұсынып, қажылықты саудалап жатқанны көруге болады. 

Видеода Құрманбек қолында тұрған талондарды көпшілікке ұсынып, оны сатып алуға шақырады.

Жиналғандардың бірі қалтасынан 1 миллион теңгені қолма-қол шығарып, бірден сатып алғаны да көрініс тапты.

«Жігіттердің қалтасында әшейін 1 млн теңге жүр ме? Базар жоқ. 10 млндық талоннан екеу кетті», – деп таңданысын жасырмады сайқымазақ.

Құдайды бетке ұстап, қажылықты саудаға салғандар көпшілік тарапынан жиі сынға ұшырап келеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *