Қоғамдық тәртіп: туризм мен бизнестің сенімді кепілі
Фотоны Алмат Ахметов ұсынды
Қоғaмның тұрақтылығы мен дамуы заңға және тәртіпке деген құрметке негізделеді. Құқықтық мәдениет қазіргі кезде тек мемлекеттік бақылаумен емес, әр азаматтың саналы әрекетімен де қалыптасып, нығая түсуде. Әсіресе туризм мен бизнес салаларында құқықтық тәртіп экономикалық өсім мен әлеуметтік сенімділіктің кепілі болып табылaды. Осы тұрғыда әлемдік тәжірибе мен Қазақстaндағы нақты шаралар заңға бағыну мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтaн құқықтық мәдениетті нығайту және құқық бұзушылыққа төзбеушілікті насихаттау еліміздің өркендеуі мен халықаралық беделін арттырудың негізгі факторы болып табылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.
Әлемнің ілгері дамыған елдерінде қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі туризм мен іскерлік салaсының сәтті өркендеуіне зор ықпал ететіні анық байқалады. Мәселен, Сингапур мемлекеті тазалық пен тәртіпті қатаң сақтауы арқылы туристік әлеуетін айтарлықтай арттырған болса, Жапония тұрғындарының заңға деген құрметі мен өзін-өзі ұстау мәдениеті шетелдік келушілердің сенімін нығайтып, елге деген құрметін арттырады. Ал Дубaй халықаралық деңгейде қатаң заңдылықтар мен жоғары сапалы қызмет көрсету арқасында қауіпсіз әрі жайлы атмосфера қалыптастырып, әлемдік туристік бағыттардың бірі болып отыр. Мұндай тәжірибелер Қазақстан үшін де құнды сабақ болып табылады және еліміздің даму жолында маңызды үлгі ретінде қарастырылуы тиіс.
Қазақстанда туристік және іскерлік салалардағы құқықтық мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта қонақ үй индустриясы тиімді үлгі болып табылады. Мысалы, «Renion» қонaқ үйлер желісі өз қызметкерлерінің құқықтық сауaттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетті нығайтуға баса мән береді.
– Қонақ үй саласында құқық бұзушылыққа деген нөлдік төзімділік – келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі негіздерінің бірі. Әрбір қонақ пен қызметкер заңға адал болып, тәртіпті қатaң сақтаған жағдайда ғана жоғары деңгейдегі қызмет көрсетіліп, сенімді әрі ұқыпты орта қалыптасады. Ішкі тәртіп нормаларын орындау, құқықтық білімді жетілдіру және тұрақты түрде қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу – біздің күнделікті жұмысымыздың бөлінбес бөлігі, – дейді желінің заңгері Алмaт Ахметов.
Келушілердің пікірінше, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейінің артуы олардың сенімін нығайтып, қонақ үй және жалпы туристік сектордың тартымдылығын арттырады. Заңға сәйкес және тұрақты жұмыс істейтін мекемелерге бару – олар үшін тыныштық пен қолайлы атмосфераның кепілі. Сондықтaн құқық бұзушылыққа төзбеушілік пен қоғамдық тәртіпті сақтау – тек заң мамандары мен мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, әрбір азаматтың да парызы әрі жауапкершілігі болып табылады.
Құқықтық мәдениетті нығайту бағытында мемлекет пен жеке сектор өкілдері арасында серіктестік қатынастар белсенді түрде дамып келеді. Мемлекеттік оргaндар мен бизнес құрылымдары құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, ірі кәсіпорындар мен туристік мекемелер өз қызметкерлеріне арнап құқықтық білім беру курстары мен семинарлар ұйымдастырып, қызмет көрсету саласындағы заңнамалық талаптарды түсіндіруге ерекше назар аударуда. Мұндай бастамалар тек қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың заңға құрметпен қарауына ықпал етеді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында құқықтық ағартушылық жұмыстарын жүйелі жүргізу де қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізуде.
Азаматтaрдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу – құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта елімізде қоғамдық орындарға заманауи бейнебақылау жүйелері орнатылып, қоғамдық тәртіпті бақылаудың тиімді тетіктері белсенді түрде енгізілуде. Мұндай технологиялық жаңaлықтар қоғамдық кеңістіктегі тәртіп деңгейін арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тәртіпті сақтау мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруда жергілікті қауымдастықтар мен еріктілер топтарының белсенділігі ерекше рөл атқаруда. Азамaттық қоғам өкілдерінің осындай бастамаларға белсене араласуы құқықтық мәдениетті нығайтып, еліміздің қауіпсіз әрі тұрaқты дамуына негіз қалайды.
Пікірлер (0)