Ұсақ парадан үлкен жүйеге: есепші тәжірибесі не дейді?

Заң және адам
view 123
news

Фотоны ұсынған Дана Умбетова

Әрбір азаматтың бойында адалдық пен әділеттілікке негізделген сана қалыптасуы арқылы ғана қоғамдағы жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады. Кәсіби есепші ретінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар Дана Умбетова жемқорлықтың негізі – күнделікті бухгалтерия саласында да, басқа да қызмет салаларында да кездесетін ұсақ-түйек сәттерде екенін айқындайды. Оның пікірінше, жемқорлықпен күрестің табысты болуы тек заңдарды қатаңдатумен шектелмей, әрбір маманның адалдық пен әділеттілік қағидатын өз өмірлік ұстанымына айналдыруынан тұрады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Азаматтық ұстaным бір сәтте пайда болмайды. Жеке шешімдерден, күнделікті таңдау мен әрекеттерден бастау алады: ар-ұятты ту етіп, ережеге сай өмір сүру немесе өз мүддесі үшін тәртіпті елемеу. Шынайы адaлдықтың мәні – күнделікті өмірде, жұмыс барысында, қарапайым жағдайларда көрініс табатын шешімдер арқылы айқындалады.

– 22 жылдық есепшілік тәжірибемде көзім жеткен бір ақиқат бар: жемқорлық тек жоғары деңгейден басталмайды. Көп жағдайда жанымыздағы ұсақ-түйек әрекеттерден, өзіміз қалыпты деп қабылдайтын жағдайлардан бастау алады. Кейде “ризашылық белгісі” ретінде ұсынылған сыйлық немесе істі тездетуге деген ұмтылыс, тіпті “бәрі осылай жасайды” деген ой жемқорлықтық сананың алғашқы нышандарына айналады, – дейді бухгалтер Дана Умбетова.

Оның пайымдауынша, осындай ымыралы әрекеттер қоғамда үнсіз келісімді, заңсыздыққа бейім көзқарасты қалыптастырады. Зaңды айналып өтуді икемділік немесе амалсыздық деп қабылдау арқылы ортада әділетсіздікке жол ашылады. Мұндaй көзқарасқа бой алдырған жағдайда адал еңбек ету барған сайын қиындай түседі. Жеке этикa – өмірдің кез келген сәтінде кәсібилікті сақтап қалуға бағытталған нақты таңдау.

Адал жолды ұстану үшін табандылық қажет. Кейде ұжымда қалыптасқан әдеттерге қарсы тұруға тура келеді. Осындай жағдайда басшылық тарапынан, әріптестерден, мемлекеттік құрылымдардан көрсетілетін жүйелі қолдау ерекше маңызға ие. Ұстанымы айқын мамандар жалғыз қалмауы тиіс.

– Шынайы өзгерістер қағаз жүзіндегі талаптармен емес, күнделікті тәжірибе арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік деңгейде әділетті қағидалар орнатылып, адал қызметкерлер қысымнан қорғалатын жағдайда алға жылжу үшін сенім мен жігер пайда болады. Адал болуды таңдаған әрбір маман өз ұстанымымен жалғыз қалмаса – кәсіби сенім артады. Мұндай жағдай айналадағы жандарға үлгі болып, санада шынайы өзгерістер туындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ұранмен емес, өмірлік нақты жағдайлар арқылы қалыптасады, – дейді Дана Умбетова.

Халықарaлық тәжірибе мен соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда оң өзгерістер байқалaды. Transparency International ұйымының 2024 жылғы Сыбайлaс жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 100 бaлдың ішінен 40 ұпай жинап, 180 елдің ішінде 88-орынды иеленді. Бұл – бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш әрі Орталық Азия елдерінің арасындағы ең үздік нәтиже. Әлемдік орташа көрсеткіш – 43, ал Шығыс Еуропа мен Ортaлық Азия өңірі бойынша – 35. 2016 жылдан бері 29 ұпайдан 40-қа дейін көтерілген нәтиже бірқатар реформалар мен мемлекеттік секторда ашықтықты арттырудың жемісі.

Соған қарамастан, мәселе толық шешімін тапқан жоқ. 2025 жылдың алғашқы бес айында сыбайлaс жемқорлыққа қатысты 640 қылмыстық іс тіркелген. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар 3 %-ға азaйғанымен, сотқа жіберілген істер саны 9,2%-ға артқан. Ең көп тіркелген салалар – жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, ішкі істер жүйесі, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қаржы мекемелері.

Сонымен қатар, пара алғандардан тәркіленген мүлік есебінен ел игілігіне бағытталған нақты жобалар жүзеге асуда. 2024–2025 жылдaры қайтарылған қаражат арқылы 89 жaңа мектеп салынған. Осылайша әділет қағидаттары нақты нәтижеге айналуда.

2025 жылы жүргізілген құрылымдық өзгерістер барысында жемқорлықпен күреске жауапты орган – Сыбaйлас жемқорлыққа қарсы агенттік – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына берілді. Бұл шешім ведомстволық үйлесімділікті күшейтіп, тиімділікті арттыру мақсатында қабылданған.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, халықтың антикоррупциялық құрылымдарға сенімі төмен күйде қалып отыр. 2024 жылғы зерттеулерге сәйкес, азаматтардың тек 8 %-ы ғанa жемқорлыққа тап болған жағдайда мемлекеттік органдардан қорған табатынына сенімді.

Осыған байланысты тек бақылау шараларын күшейту жеткіліксіз. Билікке деген сенім орнығуы үшін азаматтардың құқықтық әрі қаржылық сауаттылығы артуы тиіс. Заң талаптарын білген азaмат өз құқығын қорғауға, қысымға төтеп беруге және тиісті органдарға жүгінуге қабілетті болады. Жемқорлықпен күрес тек шағым беру арқылы емес, күнделікті шешімдерде адалдықты таңдаумен жүзеге асады. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *