Қош бол, Forte Bank!
Жаңалықтар
1554
Сурет: Ашық дереккөзден
ForteBank бос жұмыс орнына түйіндіме жариялап, ол түйіндемеде қазақ тілін маңызды емес деп көрсетіп, көпшіліктің ашуын тудырған еді. Бұл жағдайға ұстаз Аятжан Ахметжанұлы желіде өз пікірін білдірді.
"Қазақ тілін жүйелі іспен қорғамасақ, форте банк секілділер ұлттың тілін мәңгі мазақ ете береді!
QAZBILIM ұлттық лицейлері 8 қалада 420 дан астам қызметкер бүгінге дейін жалақысын ForteBank тен алып келген еді.
Форте банк ұлттың тілін қажет етпесе, онда QAZBILIM Ұлттық лицейлері қызметкерлері де Форте банктің картасын қажет етпейді. Қолданбайды. Бұдан былай жалақыны басқа банктен алатын боламыз!
Бұл QAZBILIM GROUP компаниясы басқармасының ресми шешімі. Біз толық қанды форте банк қызметінен бас тартып, ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміздің жалақысын ресми түрде басқа банкке ауыстырамыз!
Форте банкке байкот!
Қазақ тілін қажет етпейтін банкті қазақ елі де қежет етпеуі қажет. Бұны сөзбен емес, іспен, нақты шешіммен көрсетеміз! Біз мыңдаған мектептер Форте банктен бас тартса, он мыңдаған қолданушысынан айырылар еді. Сонда ғана бұндай астамсығандар есін жияды!
Ал, біз бас тарттық!
Сіздердің де бас тартқандарың жөн компаниялар, мектептер, емханалар, күллі мемлекеттік органдар!
Кіжініп отырмай, нақты жауап берейік!", - деді Аятжан Ахметжанұлы.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:
Жаңалықтар
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Пікірлер (0)