Қостанай облысындағы Ресеймен шекара уақытша жабылды

Жаңалықтар
view 213
news

Фото: ҚР ҰҚК

Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты Ресеймен мемлекеттік шекара уақытша жабылды. Бұл туралы janabastau.kz ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

«Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады», - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *