Қостанайда зейнеткерді көлік қағып өлтірді

Жаңалықтар
view 115
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Қостанайда жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері растады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қайғылы сәт анық көрінеді: автобус жүргізушісі (видеорегистратор түсірген) жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтайды, ал сол сәтте жеңіл автокөлік аялдаған автобустың қасынан өтіп, әйелді соғып кетеді.

Полиция мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанда күндіз Қостанайда болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу «Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *