Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов әлем чемпионы атанды

Жаңалықтар
view 136
news

Фото: Instagram/sakenbibosinov

Қазақстандық боксшылар Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

54 келіде жұдырықтасқан Бибосынов финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді төрешілер шешімімен жеңді. Ол екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Асылқұлов 57 келіде әлем чемпионы болды. Қазақстандық финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимофтан басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан әлем чемпионатының финалы өтетінін, тікелей эфирді қайдан көруге болатынын жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *