Қуат Хамитов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін» жекпе-жекке шақырды
Фото: ашық дереккөз
Атышулы Қуат «Найман» Хамитов танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтармен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Бірақ шарт бойынша жекпе-жек ММА емес, кәсіпқой бокс ережесімен өтуі тиіс, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Болашағы жоқ, мал ғой таза»: Қуат Хамитов орыс тілін білмейтіндерге шүйлікті (ВИДЕО)
«Шенеуніктердің 70%-ын қызметтен қуамын!»: Атышулы Қуат Хамитов сұхбат берді
«Қыздар жауап бермейді»: Қуат Хамитов жаңалығымен бөлісті
Хамитов өзінің Instagram парақшасында отандық промоушендерді сынға алып, нағыз шоудың жоқтығына қынжылды. Оның ойынша, жанкүйерлер күткен нағыз "блокбастер" – осы екі жұлдыздың кездесуі болмақ.
Оның пікірінше, Қазақстандағы қазіргі турнирлер жанкүйерлердің талабына сай емес.
Қуат Хамитов жергілікті ұйымдастырушылардың деңгейіне көңілі толмайтынын ашық айтты. Ол қазіргі жекпе-жек кештерін «жасанды» деп бағалады.
Қазақстандағы промоутерлердің турнир ұйымдастыру деңгейінен шынымен де көңілім қалды! Нағыз масштаб қайда, шоу қайда? Бәрі жасанды, бәрі өтірік қой… Жылдың ең айтулы жекпе-жегі – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар арасындағы кездесу! Бұдан асқан жекпе-жек отандық бокс алаңында болмайды! – деп жазды спортшы.
Сонымен қатар Хамитов өзінің жеңіске жететініне жүз пайыз сенімді. Ол қарсыласына деген құрметін сақтай отырып, рингте аямайтынын ескертті: «Мен кешірім сұраймын, әрине, бірақ, бокстан ұрып жіберем, братан».
Әзірге Еркебұлан Тоқтар тарапынан ресми жауап болған жоқ.
Еске сала кетейік, күні кеше актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған еді.
Пікірлер (0)