«Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады»: Баян Алагөзова
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі продюсер Баян Алагөзова блогерге шүйлікті. Оның "Әйел табысын рұқсатсыз жарата алмайды" тақырыптағы видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды janabastau.kz.
KYN.KZ ақпарат агенттігінің мәліметінше продюсер Жанәділ Райымбеков секілді ер адамдар әйелді өздерінен бір саты кем санаса онда өркениетті ел бола алмайтынымызды айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
“Мұндай адамдар бізді әйел адам емес, бір саты төмен деген пікірмен келісуге шақыра берсе, біз ешқашан өркениетті ел бола алмаймыз. Абьюзер еркек әйел оның меншігі болуы үшін Құдайдан бастап бәрінің атын жамылады. Мына блогерге назар аударуларыңызды сұраймын! Әйелдерді қоғам алдында төмендетуді, қорлауды доғаруды талап етемін!", – деп ашуланды ол.
Пікірлер (0)