Құны 200 млн теңгеден асатын темекінің ірі партиясын заңсыз тасымалын тоқтатты
Жаңалықтар
913
Сурет: gov.kz
ҰҚК Шекара қызметі «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы), «Сыпатай батыр» және «Қарасу» (Жамбыл облысы) автомобиль өткізу пункттерінде жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын декларацияланбаған 380 мыңнан астам қорап темекі тасымалын тоқтатты, деп хабарлайды janabastau.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, темекі өнімдері көлік құралдарының арнайы жабдықталған жасырын орнынан табылды.
Одан әрі қаралуы үшін алынған жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу департаменттеріне берілді.
Пікірлер (0)