«Қылмыстық іс тіркелді»: Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жықты
Фотосурет: qrnews.kz
Қарағанды қаласында спорт саласының басшылары жаға жыртысып қалған. 21 қаңтарда кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында Серік Сәпиевке дене жарақатын салған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі qrnews.kz-ке сілтеме жасап.
Серік Сәпиев – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, сондай-ақ Олимпиада чемпионы. Ал жанжалға қатысы бар екінші азамат – оның орынбасары Дәурен Есімханов. Ол самбодан Азия және әлем чемпионы ретінде танымал.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелген. Қазір жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді. Оқиғаның нақты неден басталғаны әзірге айтылған жоқ. Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Пікірлер (0)