Қытай дәрі жасап жатыр: енді адамдар 120 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін

Жаңалықтар
view 155
news

Фото: Lonvi Biosciences

Болашақта адамдар 100-120 жас өмір сүруі мүмкін. Шэньчжэньдегі Lonvi Biosciences қытайлық стартапы ғұмырды ұзартатын дәрі жасап жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Дәрі-дәрмек жеткізу жүйесі жаңа цифрлық кезеңге өтеді

Қазақтар ұзақ өмір сүре бастапты

Америкалық басылымның жазуынша, Lonvi Biosciences жүзім дәнінің сығындысында кездесетін қосылыстарға негізделген қартаюға қарсы дәрілер жасап шығарумен айналысады.

Сондай-ақ компания сау клеткаларға зиянын тигізетін қартайған клеткаларды жоятын ерекше молекула шығарғанын мәлімдеген.

Жарияланымда жүзім дәндерінің батыс мәдениетінде де, дәстүрлі қытай медицинасында да ежелден пайдалы тағам болып саналғаны айтылған.

Басылым мәліметінше, Lonvi Biosciences белсенді молекулалардың жоғары концентрациясы бар капсулаларды өндіру технологиясын жасап шығарған.

Осылайша, компания өзінің таблеткалары салауатты өмір салтымен және сапалы медициналық көмекпен үйлескенде адамдардың 100-ден 120 жасқа дейін өмір сүруіне көмектеседі деп санайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *