Қызға араша түсемін деп істі болған: Қытай түрмесіне қамалған қазақ жігітінің оқиғасы

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Қытай елінде қайғылы жағдайға тап болған отандасымыз темір торға қамалды. Махмұтхан Шерназаровқа денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген ауыр айып тағылып отыр. Бұл деректі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі толық растады деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Гуанчжоу қаласындағы бас консулдыққа Гуандун провинциясының қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан арнайы хабарлама түскен. Қазіргі сәтте дипломаттар ұсталған жігіттің туыстарымен тұрақты байланыс орнатып отыр. Оларға тиісті консулдық көмек көрсетілуде. Оқиғаның егжей-тегжейі туралы күдіктінің жақындары Threads желісінде хабарлады. 

Көршісінің мәліметіне қарағанда жанжал бір бойжеткеннің кесірінен басталған. Марқұм сол қызға тиіскен көрінеді. Махмұтхан араша түсіп ақыры соңы үлкен төбелеске ұласқан. Желіде таралған бейнежазбадан бірнеше адамның жалғыз жігітті қоршап алып ұрып жатқанын көруге болады. Олар отандасымызға қашып құтылуға еш мүмкіндік бермеген. Жақындары жігіттің тек өзін қорғауға мәжбүр болғанын алға тартады. Бұл алдын ала жоспарланған қатыгездік емес. Адам өлімі жауыздықтан қорғану кезіндегі оқыс жағдайдан туындаған. Жанжал барысында зардап шеккен тұрғын бірден көз жұмбаған.

 Дәрігерлер оны жарты сағатқа жуық уақыт бойы аман алып қалуға тырысыпты. Алайда ажал құрығынан құтқару мүмкін болмады. Осы оқиғаға байланысты Махмұтханның отбасы арнайы бейнеүндеу жариялады. Туыстары істің барлық мән-жайын өздері де толық білмейтінін жасырмады. Қазір олар тәжірибелі қорғаушы жалдау үшін қаражат жинауға кірісті. Жақындары қаза тапқан азаматтың отбасынан кешірім сұрауға ниет білдіріп отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *