Қызылорда облысында әкесін боқтаған ер адам жазаға тартылды
Фото: egemen.kz
Қызылорда облысының Жалағаш аудандық соты отбасындағы тыныштықты бірнеше рет бұзған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазды хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам мас күйінде үйіне келіп, әкесіне балағат сөздер айтқан. Соның кесірінен отбасының тыныштығы бұзылған. Бұл құқық бұзушылық бұған дейін әкімшілік жаза қолданылғанына қарамастан, бір жыл ішінде қайта қайталанған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, әкесінен кешірім сұрағанын және мұндай әрекеттерге енді жол бермейтінін мәлімдеді.
Сот шешімімен ер адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Пікірлер (0)