Қызының психикалық ауытқуы болған: Алматыда айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйел туралы тың деректер пайда болды

Жаңалықтар
view 193
news

Сурет: CMN.KZ

24 маусымда Алматыдағы Горький саябағында айналмалы дөңгелектен секіріп көз жұмған әйел туралы деректер пайда болды, - деп хабарлайды Janabastau.kz  Cmn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тергеушілердің айтуынша, әйел секірмес бұрын ерекше қажеттілігі бар қызын өлтірген. 

Алматы полиция департаменті “Өз-өзіне қол жұмсау” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Кейін Алматы облысының полицейлері алты жасар қыздың денесін тапқаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, 40 жастағы Юлия өз үйінде қызды арқанмен тұншықтырып өлтірген. Қылмыс сағат 10:00-де болған.

Отбасы Өтеген батыр ауылында тұрған. Қыздың психикалық ауытқуы болса керек.

Бала мерт болғаннан кейін екі сағаттан соң әйел өз-өзіне қол салды. 

Журналистердің мәліметінше, әйел сәнге, интерьер дизайнына қызығушылық танытқан, жануарларды жақсы көрген және жиі саяхаттады. 

Әйелдің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын зерттей келе, қыздың әкесі Максим О екенін білуге болады.

Ер адам құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысып, жеке кәсіпке иелік етеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйелдің айналмалы дөңгелектен құлап, көз жұмғаны туралыжазған едік. Кейін ол өзіне қол салмас бұрын қызын тұншықтырып тастағаныбелгілі болды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *