Ресей өздерінің бір бөлігі болған Қазақстанды беріп қойды... – Владимир Путин

Жаңалықтар
view 322
news

Фото: TASS

Владимир Путин АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джордж Бушпен 2001, 2005 және 2008 жылдары өткен келіссөздер барысында Ресейдің Украина, Қазақстан және Кавказ аймақтарын әлдекімдерге беріп қойғанын айтқан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Шешілмеген мәселе жоқ»: Тоқаев пен Путин Петербургте не туралы сөйлесті

Кремльдегі кездесу: Тоқаев пен Путиннің диалогы және саяси ишаралар

Путин НАТО-ның кеңеюіне қарсылық білдірген

Құжаттарды АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университеті жанындағы Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты өз сайтында жариялаған. Материалдардан белгілі болғандай, Путин Бушпен алғашқы кездесуінде-ақ Ресейдің "мыңдаған шақырым аумақты өз қалауымен беріп қойғанын" айтып, бұл жағдайды тарихи тұрғыдан негіздеуге тырысқанын білуге болады. 

Сондай-ақ Путин НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне қарсылық білдірген.

Стенограммада екі көшбасшы да бір-біріне достық пейіл танытып, Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынасты сақтауға мүдделі екендерін көрсеткені айтылады. Дегенмен Путин өз ұстанымын дәлелдеу үшін тарихқа жиі жүгінген.

«Мұның бәрін партия басшылығы жасады»

Ресейліктер мыңдаған шаршы километр аумақты өз еркімен беріп қойды. Бұл – ақылға сыймайтын жағдай. Ғасырлар бойы Ресейдің бір бөлігі болған Украинаны берді. Қазақстанды берді. Кавказды да берді. Мұның бәрін партия басшылары жасады, – деген Путин 2001 жылдың жазында Бушпен әңгіме барысында.

Сондай-ақ құжаттарда Кремль басшысының Украина мәселесіне қатысты көзқарасы да аңғарылады. Путин Украинаның Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүшелігіне қарсы екенін жасырмай, мұның Батыс үшін саяси мәнін күмәнмен қабылдайтынын жеткізген.

Украинаның НАТО-ға мүшелігі АҚШ пен альянсқа нақты қандай пайда әкеледі? Мұның жалғыз себебі – Украинаны Батыс әлемінің бір бөлігі ретінде бекіту. Бірақ мен мұндай логиканы дұрыс деп есептемеймін, – деген ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *