Ресейдегі қазақтардан айырылдық деуге болады – этнограф
Фотосурет ашық дереккөзден
Белгілі тарихшы, этнограф Серік Ерғали Ресейдегі қазақтарға ұлттық тілін үйрету үшін Қазақстан билігі ештеңе істемеді деген пікірді айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ
Бұл жайлы ол Қасқа жол ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты.

Ресейдегі қазақтардан айырылдық деуге болады. Әрине, қолды түсіруге болмайды. Жұмыс істеу керек. Ол жерде мықты патриоттар бар. Ресейдегі қазақтардың жасампаздығы жоғары. Ол жердегі орыстардан жоғары. Олар бізге жалтақтап, ұлттық құндылықты емгісі келді. Біз оларға емшек берген жоқпыз. Қазақ тілін оқытатын қарапайым курстарды бермейміз. Оқытпаймыз. Ресей мектебін жауып тастаса, неге қазақ тілінің курстарын ашпаймыз. Орынборда Сәуле деген ханым Алашорданың үйін тауып, соны сатып алғысы келді. Соған ешкім мән берген жоқ. Айта берсе әңгіме көп. Қазіргі Өзбекәлілер, Ілияс Омарлар, жоқтан бар жасаған Темірбек Жүргеновтен қайда? – дейді Серік Ерғали.
Пікірлер (0)