Ринат Заитов Жириновскийдің ескерткішіне қатысты айтқан ойы негізсіз екенін мойындады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыда ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш орнату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады JANABASTAU.KZ.
Мәжіліс отырысы кезінде тілшілер депутаттан «Владимир Жириновскийге Алматыда ескерткіш қойылуы керек пе?» деп сұраған. Бұл сұраққа депутат ескерткіш орнату «ақылға қонбайтын нәрсе» екенін басып айтқан.
Алайда депутат аз уақыттан соң жеке ойын дұрыс білдірмегені жайлы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Кез-келген жағдайда дұрыс жағы мен қате жағы болатыны анық. Сондықтан, әрнәрсенің жауапкершілігі бар екенін бәріміз білеміз.
Бүгінгі Жириновскийдің ескерткішіне қатысты қойылған сұраққа берген жауабым қызу талқыланып жатыр екен. Сырғытпа сылтау іздемей, турасын айтайын. Бұл сұраққа қатысты Алматы қаласының әкімдігі бір күн бұрын өз жауабын ресми берген екен. Мен одан бейхабар болғандықтан, ескерткіштерге қатысты бұған дейін болған олқылықтарды есепке алып, өз пікірімді айттым. Ақындық арынмен ресми жауаппен таныспай жатып, айтқан ойым негізсіз екенін растаймын», - дейді депутат.
Пікірлер (0)