Руслан Желдібай соңғы кадрлық ауыс-түйіске қатысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 300
news

Фот осурет: ашық дереккөзден

Президент көмекшісі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты түсінік берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты БАҚ өкілдерінен көптеген сауал келіп жатыр. Ең алдымен мына мәселені баса айту керек, бұләдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту, - деді ол.

Айтуынша, мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгілеген.

«Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Ведомство басшысы Жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады. Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді.

Сонымен қатар премьер-министрдің келісімі бойынша Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованы Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылданды. Жаңа министр қоғамдағы белсенді қызметімен және білім беру саласындағы мол тәжірибесімен белгілі», деді Руслан Желдібай.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *