«Шабыт» фестивалі қайта өткізілетін болды

Жаңалықтар
view 251
news

Фото: facebook.com

«Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар байқауы (әрі қарай – Байқау) 2025 жылдың 18–22 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткізіледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ҮЗДІК ӘДЕБИ ШЫҒАРМА» (ПОЭЗИЯ) НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған.

Байқаудың мақсаты: поэзия өнерін дамыту және жас ақындарды қолдау.

I тур

Электронды поштаға 6-8 шығарма жіберу қажет.

II тур

Барлық тапсырылған өтінімдердің ішінен қазылар алқасы ең жарқын әрі дарынды жұмыстарды таңдайды — олардың авторлары байқаудың екінші кезеңіне шақырылады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауға қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған немесе осы тілдерге аударылған өлеңдер мен поэмалар қабылданады;

Жарияланған немесе жарияланбаған шығармалар қағазға басылған түрде қабылданады;

Ұсынылатын шығармалардың көлемі:

Өлеңдер топтамасы – 300 жолдан аспауы тиіс;

Поэма – 700 жолдан аспауы тиіс.

Өтінім беру шарттары:

Өтінімдер shabyt_2025@bk.ru электронды поштасына қабылданады;

6-8 шығарма жіберілуі тиіс;

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 1 қарашасына дейін;

Электронды өтінімді жібермес бұрын, барлық жолдардың бас әріппен толтырылғанына көз жеткізіңіз, сондай-ақ өтінімді 2 немесе одан да көп рет жіберу ұсынылмайды.

СЫЙАҚЫ ҚОРЫ

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау қатысушыларына лауреат және дипломант атақтары беріледі және келесі мөлшерде ақшалай сыйлықтар тағайындалады:

Гран-при – 3 000 000 теңге;

І орын – 1 000 000 теңге;

ІІ орын – 750 000 теңге;

ІІІ орын – 500 000 теңге.

Байқау бойынша толық мәліметпен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

P.S. Айта кетейік, «Шабыт» алғашқыда дүр етіп басталып, біраз талантты жастың бағын ашқан фестиваль болды. Кейін белгісіз себептермен ұйымдастырылмай кеткен еді. Енді, міне, Астана әкімдігі фестиваль өткізуді қайта қолға алып отыр екен. Ұзағынан сүйіндірсін! 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *