Салынып жатқан жол тексерілуде
Редакция таңдауы
105
Қосшы қаласы мәслихатының жол мәселесі бойынша тексеру комиссиясының мүшелері, мәслихат депутаттары Нұрдәулет Қасенов пен Мақсат Тәшенов мамырдың соңғы күні қала көшелеріндегі салынып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді.
Жол мәселесі - мол мәселе. Әсіресе, көпшілік тарапынан жолдың төсеніштік қабатының беріктігін қамтамасыз ететін материалдар қызығушылық туғызды. Тұрғындар үшін жол мәселесі әрдайым өзекті. Бүгінге дейін жол азабын тартып отырған ауылдар бар. Дегенмен, көптің көкейінде Жамбыл облысында жолдың сапасы сын көтере ме деген сауал тұр.
«АБК-Автодор НС» ЖШС қазіргі уақытта Қосшыдағы Ақжайық (1047,9 м), Ә.Молдағұлова (284,9 м), Ж.Жабаев (886,5 м) және И.Тайманов (848 м) көшелеріндегі жолдарды салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмысты жүргізу 2023 жылдың соңғы тоқсанына дейінгі мерзімге жоспарланған. Бірақ, мердігер мекеме өкілінің айтуынша жол құрылысы уақытынан бұрын, яғни тамыз айында асфальттау жұмыстары аяқталмақ.
Жол мәселесі қала тұрғындарының қалыпты тіршілігі үшін маңызды болғандықтан мәслихат депутаттары жол мәселесін әрдайым назарда ұстайды.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)