Сәтпаевта белгісіз ер адам ашықтан-ашық қыз зорламақ болды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 215
news

Сурет: видеодан кадр

Сәтпаев қаласында жантүршігерлік жағдай орын алды. Белгісіз ер адам подьезд ішінде қыз баланы зорламақ болған, деп хабарлайды janabastau.kz ALASH.KZ-ке сілтеме жасап. 

Сәтбаев қаласында белгісіз ер адам қызды зорламақ болды.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Видеода ер адамның қыздың артынан жүгіріп келіп, аузын жауып, есіктің қасына апарып зорламақ болғаны байқалады. Қыз қатты шыңғырып, артынша көрші үйден бір апай шығады.

Күдікті қашып кеткенімен, полиция оны дереу ұстады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *