Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Abainews.kz
Семейде ұсталған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды janabastau.kz Abainewskz-ке сілтеме жасап.
Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша (жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сотталған сотталушының мүдделерін қорғау үшін адвокаттың апелляциялық шағымын қарады.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам жас жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық зорлық-зомбылық жасаған.
"Сотта азамат Г... мен кінәсін мойындамады, бірақ оның әрекеттері қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен, жәбірленушінің, оның өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен дәлелденді", - деп атап өтті сотта.
Осылайша, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК 50-бабының 2-ші бөлігі негізінде оған кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен қызметті атқаруға өмір бойы тыйым салынды.
"Апелляциялық саты үкімді растап, оны өзгеріссіз қалдырды. Сотталған адам жазасын төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады",-деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)