Сенатта ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын норма қаралатын болды

Жаңалықтар
view 93
news

Фото: Sputnik/Абзал Калиев

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң нормасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Лесбиянка екенімді 47 жасымда түсіндім»: Әлеуметтік желіде ЛГБТ өкілдерінің жазбалары тарап жатыр

ЛГБТ насихатының әсері қоғамда алаңдаушылық туғызады – зерттеу нәтижелері

«Дядя Дональдтан» жалынды сәлем!»: Депутат ЛГБТ насихатшыларына тағы дүрсе қойды

Айта кетейік, биыл 4 желтоқсанда Сенаттың баспасөз қызметі ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын құжатты талқылау кейінге қалдырылғанын мәлімдеген болатын.

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын нормалар түрлі заңдарды қамтиды. Бұл тұрғыда қаралатын құжаттардың ауқымын ескеру керек. Сенат бастапқыда күн тәртібіне енгізген еді, бірақ содан кейін кейінірек қарау туралы шешім қабылдады. Алайда бұл жағдайды кейбірі Еуропалық Кеңес өкілдерінің Қазақстанға сапарымен байланыстырып жатты. Атап айтқанда, бұл заң осы нормалармен қабылданады. Құжатта адамдардың құқықтары шектеліп жатқан жоқ, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен енгізілді.

Сондықтан осы норманы Сенат қарастыратынын атап өткен жөн. Парламент палатасы осыған қатысты нақты түсініктеме берді, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *