Сенаттың жаңа депутаты ант берді
Жаңалықтар
156
Сурет: видеодан алынды
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Марат Қожаев депутат ретінде ант берді, – деп хабарлайды janabastau.kz.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді М. Қожаев.
Жалпы отырыста ол ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.
Пікірлер (0)