«Сол жақ омырауымнан ісік табылды»: Қазақстандық «барби» қатерлі ауруға шалдықты (ВИДЕО)
Сурет: Ашық дереккөзден
“Барби” атанған блогер Динара Рахымбаева денсаулығына байланысты хабарлама жасады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық блогер әрі модель Динара Рахымбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарымен денсаулығына қатысты жаңалығын бөлісті.
Желі жұлдызы жеке парақшасында видео жариялап, жоспарлы медициналық тексерудің маңыздылығына назар аударды.
– “Ең бастысы – уақытылы тексерілуді ұмытпаңыздар. Мен тексерілгенде, сол жақ омырауымнан 4 сантиметрлік ісік табылды. Қазір маған жүйелі ем тағайындалды. Сіздер де денсаулықтарыңызды жиі қадағалап жүріңіздер”, – деді блогер.
Динара Рахымбаеваның жазбасына оның оқырмандары қолдау білдіріп, сауығып кетуін тіледі.
– “Тез жазылып шығыңыз”, “Менің әпкем осы дерттен көз жұмған. Сіз жеңесіз”, “Уайымдамаңыз, бұл сынақтан да өтесіз”, “Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген осы”, – деп пікір қалдырды көпшілік.
Пікірлер (0)