Украинадағы соғысқа қатысқан Байқоңыр тұрғындарына пәтер беріледі
Фото: Украина ТЖМ
Украинадағы соғысқа қатысқан Байқоңыр тұрғындарына пәтер беріледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр аумағында тұрып, жұмыс істейтін әскерилерге кезектен тыс тұрғын үй субсидиясын алуға құқық беретін жарлыққа қол қойды.
«Арнайы әскери операцияға» қатысқан немесе қатысып жүрген әрі билік органдарында, муниципалдық мекемелерде және зымыран-ғарыш саласындағы кәсіпорындарда еңбек еткен азаматтар баспана алуға арналған әлеуметтік төлемдерді басымдықпен ала алады.
Айта кетейік, Қазақстан Байқоңырдың кейбір бөлігін жалға беруден бас тартып жатыр. Ал Ресей әлі де бұрынғы мөлшерде ақы төлеп отыр. Бұл мәселеге қатысты цифрлық даму министрі пікір білдірген еді.
Пікірлер (0)