Солтүстік Корея Ресей үшін қосымша әскер жібергелі жатыр – NYT
Фотосуреташық дереккөзден
New York Times өз дереккөзіне сүйеніп, алдағы екі айда Солтүстік Корея Ресейге тағы әскер жіберетінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
ОЛАР ҚАЛАЙ СОҒЫСАДЫ
Басылым Пентагондағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Солтүстік Кореяның жалпы қарулы күштері 1,2 миллион адамды құрайды деп жазады. КХДР артиллериялық жүйелерді, атап айтқанда 170 мм САУ Koksan қаруын Ресейге беріп жатқаны хабарланады. Материалда майдандағы солтүстіккореялықтар 40 немесе одан да көп адамнан тұратын топтармен миналы өрістердің өтінде, қарсы тараптың бетінде жүріп, шабуыл кезінде тоқтамай қозғалады делінген. Егер олар позицияны басып алса, оны ресейліктерге қалдырады. Ал өздері жаңа шабуылға дайындалады.
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫСҚАН СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ӘСКЕРІ
2024 жылдың қазан айында Украина, Оңтүстік Корея және АҚШ барлау агенттіктері Ресейге Солтүстік Кореяның бірнеше мың әскерінің жіберілгені жөнінде ақпарат тарата бастаған. Мәскеу мен Пхеньян әуелі бұл мәліметтерді жоққа шығарды, бірақ БРИКС саммитінде Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет солтүстіккореялықтардың майдан шебінде жүргенін мойындады. Солтүстік Корея әскері бұрын Вьетнам соғысына, Африка мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысқан.
КХДР Ресейдің Украинаға басып кіруін толығымен қолдап, Батыстың әрекеттерін айыптаған.
Пікірлер (0)