Степногорск қаласында жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары

Жаңалықтар
view 283
news

Фото өңірлік коммуникациялар қызметінен

Степногорск қаласында жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс жоғары. Қазіргі таңда қалада 696 бос жұмыс орны бар, олардың басым бөлігі өндіріс, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларына тиесілі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Әсіресе, өндірістік салада мамандар тапшылығы байқалады, бұл бағытта 365 бос жұмыс орны ашылған. Қазіргі уақытта кадр жетіспеушілігін сезініп отырған негізгі кәсіпорындардың қатарында «Степногорск ЖЭО», «Ремэнергомаш», «СГХК», «Степногорск машина жасау зауыты» және басқа да өндіріс орындары бар. Сондай-ақ медицина саласында 83, ал білім беру саласында 46 бос жұмыс орны ұсынылуда.

Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, жұмысшы мамандықтары бойынша орташа жалақы 200 мың теңгеден жоғары. Бұл жалақы жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, басқа өңірлерден келетін мамандар үшін де тартымды. Сонымен қатар, қалаға қоныс аударған жұмысшыларға уақытша жатақханадан орын беріледі.

2024 жылы Степногорс қаласында 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен асып түсткен көрінеді. Дегенмен, ресми тіркелген жұмыссыздардың саны әлі де 516 адамды құрайды. Қаланың билік өкілдері жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жаңа инвестициялар тартып, тұрақты түрде жұмыс орындарын ашуда.

«Біз аймақтың дамуына өз үлесін қосқысы келетін барлық азаматтарды шақырамыз. Степногорск қаласында тұрақты жұмыс, лайықты жалақы және мансаптық өсу мүмкіндіктері бар», – деді Жанасыл Сабырұлы.

Пікірлер (2)

  • Doris

    Great site you have here.. It's difficult to find high-quality writing like yours these days. I truly appreciate individuals like you! Take care!! http://w3.syairpandawa.life/

  • Alicia

    Appreciate this post. Let me try it out. https://ww6.hkg6d.org/

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *