Студенттердің шәкіртақысы артады

Жаңалықтар
view 101
news

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту негізінде белсенді жұмыс жүргізілуде.

Бүгінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.

Сонымен қатар 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға артады. Одан бөлек, колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, 104 колледждің жағдайы жақсарды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64 білім беру ұйымына көбірек.
Биыл колледж студенттері үшін 2103 орындық 8 жатақхана салу жоспарлануда.

«Бүгінгі күні Павлодар және Түркістан облыстарында 259 орынға арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді. Талдау нәтижелері өңірлерде қаладан тыс келген колледж студенттері жатақханалардағы орындармен жеткіліксіз қамтамасыз етілгенін көрсетті. Алматы қаласында, Астана қаласында, Ақмола, СҚО, Алматы облыстарында жатақхана тапшылығы бар», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *